«Әлем таныған ұлы Абай»

14 тамыз күні Орталық кітапхананың кітапханашысы Е. Киличбаевқазақтың ұлы ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлына арналған «Әлем таныған ұлы Абай» атты кітап көрмесін өткізді.
👥 Іс-шараға М. Жұмабаев ауданының пробация қызметінің өкілдері және пробация есебінде тұрған азаматтар қатысты. Қатысушыларға Абайдың шығармалары, сондай-ақ оның өмірі, шығармашылығы, философиялық көзқарастары мен рухани мұрасы туралы кітаптар мен басылымдар ұсынылды.
🌟 Іс-шара барысында қатысушылар ұлы ақынның бай шығармашылық мұрасымен танысып, оның өмір жолының негізгі кезеңдерін еске түсірді. Сонымен қатар Абайдың әдеби шығармашылығы мен даналыққа толы философиялық ойларының қазіргі ұрпақ үшін маңызы туралы әңгіме өрбіді.
🤖 Іс-шараның интерактивті бөлімі ерекше қызығушылық тудырды. Жасанды интеллект технологияларының көмегімен Абайға арналған картина «жандандырылды». Ерекше цифрлық формат ұлы ойшылдың бейнесіне жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік беріп, заманауи технологиялардың дәстүрлі кітапханалық іс-шараларды мазмұнды толықтыра алатынын көрсетті.
✨ Абайдың сөзі — ұрпаққа өнеге, халыққа рухани қазына!

14.08.2026
Қаралым саны: 0
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент