В.И. Даль: дәуірі, тұлғасы, шығармашылығы

20 қараша күні Орталық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің кітапханашылары «Булаев мектеп-бөбекжай-бақша кешені» КММ-нің оқушыларына орыстың көрнекті жазушысы, этнографы және тіл зерттеушісі Владимир Иванович Дальдің туғанына 225 жыл толуына орай «В.И. Даль: дәуірі, тұлғасы, шығармашылығы» атты ақпараттық сабақ өткізді.

Іс-шараның басында оқушылар Владимир Дальдің өмірбаянымен танысып, оның өмірі мен сан қырлы қызметі туралы қызықты мәліметтер алды. Сондай-ақ оның орыс тілінің байлығы мен өзіндік ерекшелігін сақтауға қосқан үлесі туралы білді. Балалар жазушының ертегілерін тамашалап, әдеби шығармашылығымен танысты және танымдық викторинаға қатысты.

Жас оқырмандар үшін «Жанды орыс сөзі : Владимир Даль әлемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Балалардың ерекше қызығушылығын интерактивті ойындар мен тапсырмалар тудырды. Оқушылар түрлі байқауларға белсенді қатысып, сканвордтар шешіп, сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін көрсетті. Белсенділік танытып, дұрыс жауап берген балаларға шағын сыйлықтар табысталды.

Іс-шара танымдық әрі қызықты атмосферада өтті. Балалардың ой-өрісін кеңейтіп, В.И. Дальдің әдеби мұрасымен танысуына және орыс тілінің байлығы мен әсемдігін тереңірек түсінуіне мүмкіндік берді.

 

20.11.2026
Қаралым саны: 9
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ ӘділетКазконтент