Ұлы даланың дана ұлы

📚 2 қараша күні Орталық аудандық кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Т. Кинчинбаев КММ «Булаев мектеп-бөбекжай-бақша-кешені» оқушыларына қазақтың көрнекті ағартушысы, педагогі және жазушысы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай «Ұлы даланың дана ұлы» атты шығармашылығына шолу өткізді.

🎬 Іс-шара жасанды интеллект көмегімен әзірленген бейнероликті көрсетуден басталды. Бейнероликте Ыбырай Алтынсарин өзі туралы, өмір жолы мен ағартушылық қызметі жайында қысқаша баяндады. Осындай ерекше формат оқушыларға ұлы ағартушының тұлғасын жақынырақ танып, оның мұрасына деген қызығушылықтарын арттыруға мүмкіндік берді.

📝 Одан кейін оқушылар Ыбырай Алтынсаринге арналған «Әдеби газет» жұмысын толтыруға қатысты. Олар газет беттеріне ағартушының өмірбаяны, шығармашылығы, қазақ халқының білімі мен әдебиетінің дамуына қосқан үлесі туралы қызықты мәліметтерді енгізді.

📖 Сонымен қатар қатысушылар назарына «Ы. Алтынсарин – қазақ халқының ұлы ағартушысы» атты кітап көрмесі ұсынылды. Көрмеге жазушының өмірі, педагогикалық қызметі мен әдеби мұрасы туралы кітаптар мен материалдар қойылды.

✨ Іс-шара оқушыларға Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін кеңейтуге, оның ағартушылық жолындағы еңбегін тануға, сондай-ақ білімнің, кітаптың және оқудың әр адамның өміріндегі маңызын түсінуге мүмкіндік берді.

 

02.11.2026
Қаралым саны: 4
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ ӘділетКазконтент