Еңбек адамдары — халық мақтанышы

🌾 Ауыл шаруашылығы қызметкерлері күніне орай Орталық аудандық кітапхананың кітапханашысы «Еңбек адамдары — халық мақтанышы» атты диалог алаңын өткізді. Іс-шараның қонағы — механизатор С.М. Ибраев болды.

🚜 Кездесу барысында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің ауыр да абыройлы еңбегі, механизатор мамандығының маңыздылығы және оның аграрлық саланы дамытудағы рөлі туралы әңгіме өрбіді.

👨‍🌾 С.М. Ибраев өзінің кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, жұмысының ерекшеліктері, күнделікті еңбек жолы, жауапкершілігі мен туған жерге деген сүйіспеншілігі туралы баяндады.

🌱 Іс-шара ауыл шаруашылығы еңбегінің маңыздылығын атап өтіп, күнделікті адал еңбегімен туған өлкенің дамуына үлес қосып жүрген еңбек адамдарына құрмет көрсетуге арналды.

Өйткені осындай еңбекқор жандар — халқымыздың нағыз мақтанышы!

 

06.11.2026
Қаралым саны: 0
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ ӘділетКазконтент