Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Т. Кинчинбаев «Адам саудасы — қазіргі заманның жасырын қатері» тақырыбында «Кәсіби даярлық және сервис колледжі» КММ-нің студенттерімен пікірталас алаңын өткізді.
Іс-шара барысында қатысушылар адам саудасы мәселесінің өзектілігін, оның себептері мен салдарын, сондай-ақ мұндай қылмыстардың алдын алу жолдарын талқылады.
Студенттер пікірталасқа белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісіп, тақырып бойынша білімдерін көрсетті.
Кездесу аясында жастардың хабардарлығын арттыруға және жеке қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауға бағытталған әлеуметтік бейнероликтер көрсетілді. Іс-шара студенттердің дүниетанымын кеңейтіп, құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етті.
17.04.2026
Қаралым саны: 4
Қаралым саны: 4











