«Солтүстік Қазақстан облысының 90 жылдығына орай: мерейтойға бастар жол» жобасы аясында Орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары «СҚО-ның киелі жерлері» атты виртуалды саяхат дайындады. Виртуалды саяхат көрермендерді Солтүстік Қазақстан облысының тарихи, мәдени және рухани көрікті жерлерімен таныстырады. Қатысушылар туған өлкенің тарихымен, көрнекті тұлғалардың есімдерімен, халықтық дәстүрлермен және қазақ халқының рухани мұрасымен байланысты киелі орындар туралы мәлімет ала алады. Іс-шарада тарихи жадты сақтау, мәдени құндылықтарды құрметтеу және туған өлкенің бай мұрасын кеңінен насихаттау мәселелеріне ерекше назар аударылған. Виртуалды форматтың арқасында әрбір көрермен облыстың тарихи маңызы бар орындарына танымдық саяхат жасап, туған жерінің тарихы туралы білімін кеңейтіп, өз өлкесіне деген мақтаныш сезімін арттыра алады. Киелі жерлер — ұрпақтар сабақтастығының алтын көпірі, өткеннің өнегелі шежіресі және халқымыздың рухани байлығы. Олардың тарихын зерделеу арқылы біз ата-бабаларымыздың мұрасын сақтап, келер ұрпаққа жеткіземіз.
Тамашалауларыңызға жағымды әсер тілейміз!
Қаралым саны: 1











