Республикалық «Оқитын ұлт» марафоны аясында Орталық аудандық кітапхананың кітапханашысы М. Туякова ҚР ҰҚК Шекара қызметі СҚО бойынша департаментінің «Мағжан» шекара бөлімінде шекарашылармен таныстыру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында кітапханашы қатысушыларды марафонды өткізу шарттары мен ережелерімен, қатысу кезеңдерімен, тіркелу тәртібімен және қатысушыларға қойылатын талаптармен таныстырды.
Сонымен қатар, оқудың адамның кәсіби және тұлғалық дамуына тигізетін маңызына, кітапты насихаттауға және оқу мәдениетін қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Қатысушыларға марафонның мақсат-міндеттері туралы толық ақпарат беріліп, республикалық бастамаға белсенді қатысу ұсынылды.
Бірге оқимыз — бірге дамимыз!
09.10.2026
Қаралым саны: 3
Қаралым саны: 3











