Республикалық «Оқитын ұлт» марафоны аясында Орталық аудандық кітапхананың кітапханашысы Туякова М. Булаево қаласы әкімінің аппаратының мемлекеттік қызметшілерімен таныстыру кездесуін өткізді.
Кездесу барысында кітапханашы қатысушыларды марафонды өткізу шарттары мен ережелерімен, қатысу кезеңдерімен, тіркелу тәртібімен және қатысушыларға қойылатын талаптармен таныстырды.
Кітап оқудың адамның кәсіби және тұлғалық дамуына тигізер маңызына, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер арасында кітап оқуды насихаттауға және оқу мәдениетін қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Қатысушыларға марафонның мақсаттары мен міндеттері туралы толық ақпарат беріліп, республикалық бастамаға белсенді қатысуға шақырылды.
Бірге оқимыз — бірге дамимыз!
02.10.2026
Қаралым саны: 3
Қаралым саны: 3











