Дін.Мәдениет.Төзімділік

20 тамызда ОК кітапханашысы А.Е. Расқұлова «Дін.Мәдениет.Төзімділік» тақырыбында жақсы қарым-қатынас сағатын өткізді. Іс-шараға Мағжан Жұмабаев ауданының этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері М.Қ. Рыспаев,Л.П. Эссе,

М.А. Иваненко және «Жасыл ел» студенттік жасағының балалары шақырылды. Іс-шараның мақсаты – жоғары сынып оқушыларының бойында патриоттық сезімді, түрлі ұлт, конфессия өкілдерінің құндылықтарын құрметтеуге, түрлі діни культтердің, қауымдастықтар мен ұйымдардың өкілдеріне толерантты көзқарасты қалыптастыру. Қонақтар өздерінің этномәдени бірлестіктерінің жұмысына тоқталды. Балалармен сұхбатта Қазақстанның дініне, нәсіліне және ұлтына қарамастан еліміздің барлық азаматтары үшін қолайлы өмір сүру жағдайларын жасауға ұмтылатыны айтылды.Іс-шара соңында кітапханашы А.Е. Расқұлова «Дін мен мәдениеттің байланысы» атты кітап көрмесін ұсынды.Кітап көрмесінде дін және мәдениет туралы кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылды, оның ішінде Шейх Әбсаттар қажы Дербісәлінің «Ислам – бейбітшілік пен жасампаздық діні», Смайыл Сейітбековтың «Иман негіздері», «Қазақ салт-дәстүрлері», Дәстүр», «Мәдениет» журналдары және т.б. Іс-шара соңында жоғары сынып оқушылары әңгіменің өздері үшін өте пайдалы, тағылымды болғаны туралы қорытындыларымен бөлісті.

20.08.2024
Қаралым саны: 254
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент