12 тамызда IT-орталықта Орталық кітапхананың кітапханашысы Е. Киличбаев «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздарына «Жыныстардың тең құқықтылығы: әйелдер мен ерлер тең бе?» атты өзекті диалог өткізді.

Кездесу барысында қатысушылар қазіргі қоғамдағы тең құқықтылық, гендерлік теңдік, өзара құрмет және тең мүмкіндіктер ұғымдарын талқылады. Материалды бекіту мақсатында «Сұрақтар қапшығы», «Миф пе, факт пе?» атты интерактивті ойындар және «Қалай әрекет ету керек?» ситуациялық ойыны ұйымдастырылды. Ойын барысында жастар әртүрлі өмірлік жағдайларды талдап, әділ шешімдер ұсынды.

«Тең құқықтар — тең мүмкіндіктер» интерактивті алаңы ерекше қызығушылық тудырды. Әр қатысушы құқықтардың теңдігі, құрмет пен өзара қолдау туралы пікір жазылған карточканы таңдады. Белсенді қатысқаны үшін жастарға «Тең құқықтар» тақырыбындағы кітап бетбелгілері сыйға тартылды.

Іс-шара соңында қатысушыларға «Тең мүмкіндіктер — жарқын болашақ» атты ақпараттық брошюралар таратылды. Брошюралар әр адамның құқықтарын құрметтеудің, тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің және айналасындағыларға жауапкершілікпен қараудың маңыздылығын еске салады.