Құқықтық сағат: «Шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығы: нені білу керек»

13 ақпанда Орталық аудандық кітапханада құқықтық сауаттылықты арттыруға және қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіруге бағытталған «Шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығы: нені білу қажет» құқықтық сағат өткізілді. Іс-шараға Мағжан Жұмабаев атындағы ауданның пробация қызметінің өкілдері, сондай-ақ есепте тұрған азаматтар шақырылды. Кездесу барысында қатысушыларға шартты түрде мерзімінен бұрын босату тәртібі, оны қолдану шарттары, пробациялық бақылауда тұрған тұлғалардың құқықтары мен міндеттері жан — жақты түсіндірілді.

Негізгі түсіндірме баяндамамен ОҚБ-нің аға инспекторы М.А. Исин сөз сөйлеп, шартты түрде мерзімінен бұрын босатуды қолданудың тәжірибелік қырларына тоқталды, қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, белгіленген талаптарды сақтау жөнінде ұсыныстар берді. Іс-шара аясында құқықтық тетіктерді жақсырақ түсінуге және алынған ақпаратты бекітуге ықпал ететін тақырыптық бейнеролик көрсетілді. Кітапханашы А.Е. Расқұлова құқықтық мәселелер бойынша нормативтік-құқықтық актілер, анықтамалық және ақпараттық материалдар қойылған «Құқықтық ақпарат орталығы» атты кітап-көрме ұсынды.

Өткізілген құқықтық сағат құқықтық мәдениет деңгейін арттыруға, заң талаптарын сақтауға жауапкершілікпен қарауға және өз құқықтарын саналы түрде пайдалануға ықпал етті.

13.02.2026
Қаралым саны: 13
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент