15 желтоқсан күні Тәуелсіздік күніне арналған іс-шаралар аясында Орталық аудандық кітапхана мен М. Жұмабаев ауданының тарихи-өлкетану музейімен бірлесіп ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік туы астында» атты тақырыптық алаң өткізілді.
Іс-шараға «Булаев мектеп-бөбекжай-бақша кешені» КММ-нің оқушылары мен «Кәсіби даярлау және сервис колледжі» КММ-нің студенттері қатысты.
Спикерлер ретінде С. Т. Жұмағұлов және Б. М. Әбілмажинов сөз сөйлеп, тәуелсіздіктің қалыптасу тарихы, мемлекеттің дамуының маңызды кезеңдері және өскелең ұрпақтың тарихи жадыны сақтаудағы рөлі туралы баяндады.
Орталық аудандық кітапхананың библиографы М. К. Марий еліміздің тәуелсіздік тарихына, мемлекеттік рәміздеріне және елдің көрнекті тұлғаларына арналған «Елімнің бақытын тербеткен – тәуелсіздік!» атты кітап көрмесін таныстырды.
15.12.2025
Қаралым саны: 30
Қаралым саны: 30











