«Бірге жоспарлау: идеядан кітапхана жұмысының жоспарына дейін»

2026 жылғы 22 қыркүйекте жас кітапханашыларға арналған «Профи» мектебі аясында «Бірге жоспарлаймыз: идеядан кітапхана жұмысының жоспарына дейін» атты әдістемелік шеберхана өтті.
Кездесудің басты мақсаты — жас кітапханашыларға кітапхана қызметін жоспарлауға сенімді түрде кірісуге, қызықты идеяларды нақты іс-шараларға айналдыруға және 2027 жылға арналған мазмұнды әрі сан алуан жұмыс жоспарын құрастыруға көмектесу.
Кездесу барысында кітапханашылар:
🔹 жылдық жоспарлау неден басталатынын;
🔹 кітапхана жұмысының негізгі бағыттарын қалай анықтау керектігін;
🔹 мақсат пен міндеттерді дұрыс тұжырымдауды;
🔹 оқырмандардың қызығушылығы мен жас ерекшеліктерін ескеруді;
🔹 іс-шараның тиімді формасын таңдауды;
🔹 жұмыс жоспарын заманауи, қызықты әрі нәтижелі етудің жолдарын талқылады.
Кездесуде кітапхана мамандары өздерінің практикалық ұсыныстарымен бөлісті.
Әдіскер Жиғаева О.Д. жылдық жоспардың құрылымы, жоспарлаудың негізгі қағидаттары және кітапхана қызметінің заманауи бағыттары туралы айтып өтті.
Библиограф Марий М.К. ақпараттық-библиографиялық жұмысты жоспарлау ерекшеліктерімен, библиографиялық материалдар мен тақырыптық шолуларды дайындау, сондай-ақ атаулы және мерейтойлық күндерді ескере отырып іс-шаралар ұйымдастыру мәселелерімен таныстырды.
Жинақтау бөлімінің меңгерушісі міндетін атқарушы Абильмажинова Ж.К. кітапхана қорымен жұмысты жоспарлау, қорды толықтыру, оқырман сұранысын зерделеу, жаңа түсімдерді насихаттау және кітап көрмелерін ұйымдастыру мәселелеріне тоқталды.
✨ Кездесу кәсіби диалог, тәжірибе алмасу және жаңа идеяларды бірлесіп іздеу форматында өтті. Жас мамандар практикалық ұсыныстар алып, алдағы жұмыстарына жаңа серпін алды.

22.09.2026
Қаралым саны: 2
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент