Аудан орталық кітапханасы 18 қаңтар күні "Абайлаңыз. Алаяқтар!» атты ақпарат сағаты өтті. Ақпарат алу үшін кітапханаға учаскелік полиция инспекторы Тамашов Азамат Қоныспекұлы шақырылды. Әңгіме барысында полиция қызметкеріне: "алаяқтық дегеніміз не, алдаудың қандай түрлері жиі кездеседі және алдау жағдайына қалай түспеу керек?" сұрақтар қойылды. «Интернет алаяқтықтың күн өткен сайын күшейіп бара жатқанын алға тартқан полиция қызметкері азаматтарға күдікті қоңырау мен хабарламалар алғанда бірден банкке хабарласуға кеңес берді. Егер сізге белгісіз біреулер хабарласып, қандай да бір банктің атын атап банк карточкасы жайлы ақпарат немесе басқа да жеке мәліметтерді сұраса, ең алдымен сол банктің сенім телефондарына қоңырау шалып, ақпараттың расөтірігін анықтап алған артықтық етпейді» - деп Азамат Қоныспекұлы осы сұрақтардың барлығына толық жауап берді, сондай-ақ мұндай қиын жағдайға тап болмауға кеңес берді. Кездесу соңында біз азамат Қоныспекұлына алғысымызды білдіріп, оқырмандарымызға қырағы және сақ болуға тілектестік білдірдік.
Қаралым саны: 488