Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 16 мамырдағы №1279 «Оқу мәдениетін дамыту және оқитын ұлтты қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын іске асыру аясында «Мағжан Жұмабаев ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» КММ ұжымында кітап оқуды насихаттау және кітапқа деген қызығушылықты арттыру бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Кітап оқу – кәсіби және тұлғалық дамудың маңызды құралы. Ол адамның дүниетанымын кеңейтіп, сыни ойлау қабілетін, қарым-қатынас мәдениетін дамытады, сондай-ақ рухани-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға ықпал етеді.

Тұрақты оқу мәдениетін қалыптастыру Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында айқындалған адами капиталды және қоғамның зияткерлік әлеуетін дамыту міндеттеріне толық сәйкес келеді.

Осыған байланысты қызметкерлерге көркем әдебиеттерді, ғылыми-көпшілік және кәсіби әдебиеттерді тұрақты түрде оқуға уақыт бөлу, оқылған кітаптарды талқылауға қатысу, өзара кітап ұсынымдарымен алмасу және оқу мәдениетін дамытуға бағытталған бастамаларды қолдау ұсынылады.

Кітап оқуды бірлесіп насихаттау әрбір қызметкердің білім деңгейін, мәдениетін және кәсіби құзыреттілігін арттыруға елеулі үлес қосып, оқитын, зияткерлігі жоғары қоғамды қалыптастыруға ықпал етеді деп сенеміз.