1 шілде күні IT-орталығында мемлекеттілікті нығайтудағы, азаматтық бірлікті қалыптастырудағы және жас ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымын тәрбиелеудегі Конституцияның рөліне арналған «Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы: ұрпақтар сабақтастығы және Мағжандықтардың болашағы» атты дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараның модераторы Орталықтандырылған кітапханалық жүйесінің директоры Бекишева С.О. болды. Ол өз сөзінде Конституция еліміздің демократиялық дамуының негізі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі, сондай-ақ ұрпақтар сабақтастығын сақтап, жалпыұлттық құндылықтарды нығайтудың маңызды тетігі екенін атап өтті.
Дөңгелек үстелде аудандық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары С.К.Ысқақов, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Л.М. Егорычева және Жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы Ж.Ж. Әлнәзіров мазмұнды баяндамалар жасады. Олар Қазақстан Республикасы Конституциясының тарихи маңызы, тәуелсіз мемлекеттің қалыптасуы мен дамуындағы рөлі, заңды құрметтеудің, азаматтық жауапкершілік пен патриотизмнің маңыздылығы туралы айтты. Сонымен қатар, рухани-адамгершілік құндылықтарды сақтауда және ауданның жарқын болашағын қалыптастыруда аға буын мен жастар арасындағы өзара ынтымақтастыққа ерекше назар аударылды.
Іс-шараға «Ақ жаулық» және «Алтын күз» клубтарының мүшелері, сондай-ақ аудан жастары шақырылды. Ашық пікір алмасу барысында қатысушылар Конституцияның қазіргі қоғамдағы маңызы жөнінде ой бөлісіп, азаматтық жауапкершілік, заңға құрмет және жастардың қоғамды дамытудағы белсенді қатысуы мәселелерін талқылады.
Қаралым саны: 0











