М. Жұмабаев ауданының СҚО «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ-де 2026 жылғы 10 қарашада «Мағжан» IT-орталығында әдістемелік кеңес аясында «Тәлімгерлік – кәсіби шеберлікке бастар жол» тақырыбында кәсіби диалог өтті.
Іс-шараға М. Жұмабаев ауданының ОКЖ кітапханаларының тәлімгерлері мен тәлім алушылары қатысты.
Кездесу барысында тәлімгерлік бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстар туралы есеп берілді. Тәлімгерлер мен тәлім алушылар бірлескен қызметтің нәтижелерімен, туындаған мәселелерімен бөлісіп, алған білімдері мен кәсіби дағдылары туралы баяндады, өзара тәжірибе алмасып, қол жеткізген жетістіктерін атап өтті.
Жас мамандардың кәсіби бейімделуі, практикалық дағдыларын жетілдіру, тәжірибе алмасу және кітапхана маманының кәсіби қалыптасуындағы тәлімгердің рөлі мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытынды жасауға, қол жеткізген нәтижелерді талқылауға, пікір алмасуға және алдағы жұмыс бағыттарын айқындауға жақсы мүмкіндік болды.
Қаралым саны: 0










