Орталық аудандық кітапхананың кітапханашысы А. Расқұлова IT-орталығында «Ақ жаулық» және «Золотая осень» клубтарының мүшелерімен «Көрнекті өнер қайраткері» Әлібек Дінішевтің 75 жылдық мерейтойына арналған музыкалық сағат өткізді.
Іс-шара барысында кітапханашы қатысушыларды Әлібек Дінішевтің өмір жолы мен шығармашылық қызметімен таныстырып, оның Қазақстанның музыка өнерінің дамуына қосқан зор үлесі, шығармашылық жетістіктері мен бай мәдени мұрасы туралы әңгімеледі. Қатысушылар Әлібек Дінішевтің орындауындағы белгілі әндердің аудиожазбаларын қызығушылықпен тыңдап, оның қайталанбас өнерімен жақынырақ танысты.
Іс-шара жылы әрі достық атмосферада өтіп, қатысушылардың ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттырып, мәдени мұраны құрметтеуге тәрбиелеуге ықпал етті.
Қаралым саны: 0











