2026 жылғы 10 тамызда Орталық аудандық кітапхананың жазғы оқу залында кітапхана саласының мамандарына арналған «Көрме навигаторы» атты оқыту шеберлік сыныбы өтті. Шара «Профи» жас кітапханашы мектебінің жұмысы аясында ұйымдастырылып, жаңа қызметкерлердің кәсіби міндеттерін меңгеруіне қолдау көрсетуге, кітапхана ісінің бағыттарымен танысуға және жұмысқа қажетті негізгі құралдарды меңгеруге бағытталды.
Іс-шараға ауданның ауылдық кітапханаларының кітапханашылары қатысты: Пролетар а/к – Л.Р. Гросман, Полудин а/к - А.К. Даримбаева, Таман а/к – Н.С. Богородская, Құролай а/к - Ж.С. Каюпова, Бинаш а/к – С.М. Казбекова, Совет а/к – П.Ю. Борщ, ҚК – И.П. Брух, Балалар кітапханасы – Т.И. Резник, Октябрь а/к – М.В. Губская.
Шеберлік сыныбының бағдарламасы мазмұнды әрі тартысты өтті. М. Жұмабаев ауданының Орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры С.О. Бекешева әріптестерімен іс-шараларды уақытылы өткізу, әлеуметтік желілерде жұмыс істеу және кітапханаға оқырмандарды тарту бойынша маңызды да өзекті ақпараттармен бөлісті.
Библиограф М.К. Марий кітап көрмелерін ұйымдастырудың шығармашылық тәсілдерімен таныстырды. Қатысушылар атаулы күндер күнтізбесіне сүйене отырып, өзекті, әлеуметтік маңызы бар әрі қызықты тақырыптарды қалай таңдау керектігін үйренді, сондай-ақ көрмелерді орналастыру мәселелерін талқылады. Кітап көрмелеріне шолу жасау кезінде жиі жіберілетін қателіктерге және олардың алдын алу жодарына ерекше назар аударылды.
Шеберлік сыныбы достық әрі іскерлік атмосферада өтті. Әрбір қатысушы кітап көрмесіне шолу жасап, сұрақтар қойды және өзінің алғашқы кәсіби бақылауларымен бөлісті. Осындай оқыту кездесулері біліктілікті арттыруға ғана емес, сонымен бірге аудан кітапханашылары арасындағы кәсіби байланыстарды нығайтуға да ықпал етеді.
10.08.2026
Қаралым саны: 1
Қаралым саны: 1











