Масленица жиындары «Құймақ патшалығы»

8 ақпанда Орталық аудандық кітапханада «Алтын күз» клубының қатысуымен «Құймақ патшалығы» атты жылы да шынайы Масленица отырысы өтті. Мерекелік кездесу халықтық мәдениет дәстүрлері мен еркін жүздесуді ұштастырды. Қонақтар Масленицаның тарихы мен әдет — ғұрыптарымен кеңірек танысып, көңілді викториналар мен ойындарға, билерге қатысты 💃🕺, отбасылық рецепттерді еске алып, әрине, мерекенің басты нышаны – хош иісті құймақтардан дәм татты.

🥞 Қатысушылар құймақ дайындаудың өз аспаздық құпияларымен бөлісті.

📖 Кітапханашы А. Расқұлова жиналған қауымды «Дәстүр дастарханда және кітап беттерінде» атты кітап көрмесімен таныстырды. Көрмеде аспаздыққа арналған кітаптар мен орыс халқының ұлттық мерекелері мен салт — дәстүрлері сөз болатын орыс классиктерінің шығармалары ұсынылды. 📚✨

«Құймақ патшалығындағы» іс-шарамыз шай дастарханында ізгі тілектер мен көтеріңкі көңіл күймен аяқталды. 😊🌷

18.02.2026
Қаралым саны: 14
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент