Ұлттық кітап күніне арналған апталық аясында 17 сәуір күні «Сөз өнеріндегі өлкетану» тақырыбында іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шара барысында Орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары мұрағат қызметкерлеріне ауданымыздан шыққан жазушылардың кітаптарын таныстырды.
Кездесу барысында жергілікті қаламгерлердің шығармалары насихатталып, олардың еңбектерінің маңызы мен ерекшеліктері туралы кеңінен мәлімет берілді. Сонымен қатар, қатысушыларға кітап көрмесі ұсынылып, туған өлкенің әдеби мұрасымен танысуға мүмкіндік жасалды.
Бұл іс-шара оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, өлкетану бағытындағы жұмыстарды жандандыруға өз үлесін қосты.
17.04.2026
Қаралым саны: 4
Қаралым саны: 4











