«Тіл – рухани мұра» атты әдеби — музыкалық кеш

Қазақстан халқының тілдері күні қарсаңында, 4 қыркүйекте Орталық аудандық кітапхананың кітапханашылары «Мағжан Жұмабаев ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» КММ-мен бірлесіп, «Тіл – рухани мұра» атты әдеби — музыкалық кеш өткізді.
Іс-шара интерактивті интеллектуалдық ойын форматында ұйымдастырылып, оған Булаево қаласы мектептерінің оқушыларынан құралған командалар қатысты. Кездесудің басты мақсаты – жастардың тілдерге деген қызығушылығын арттыру, түрлі этностардың мәдениеті мен салт — дәстүрлерімен таныстыру, сондай-ақ Қазақстанның тілдік және мәдени әралуандығына құрмет қалыптастыру.
Мерекелік бағдарламаны «Аманат» тобы «Анамның тілі» әнімен ашты. Іс-шараның музыкалық бөлімін Аудандық мәдениет үйінің әншілері жалғастырды.
Ойын басталар алдында командалар өздерінің атауларын, ұрандарын және түрлі этностарға арналған шығармашылық қойылымдарын таныстырды. Қатысушылар тапсырмаларды қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде орындап, өз білімдері мен тілдік қабілеттерін көрсетті.
Интеллектуалдық бағдарлама бірнеше қызықты кезеңнен тұрды: «Тілді тап», «Тілдік сейф», «Сөзсіз түсіндір», «Мақал — мәтелді тап», «Тілді есту арқылы таны».
Тапсырмаларды орындау барысында қатысушылар өз білімдерін ғана емес, тапқырлығын, шапшаңдығын, шығармашылық ойлау қабілетін және командалық жұмыс дағдыларын көрсетті.
Қатысушылардың өнері мен білімін білікті қазылар алқасы бағалады. Оның құрамында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің маманы Б.Т. Зайнуллина, ЖРО директорының м.а. Ж.Ж. Альназиров және ОКЖ библиографы М.К.Марий болды.
Ойын қорытындысы бойынша I орынды «ТілTIME» командасы, II орынды «Language Warriors» командасы, III орынды «Мағжан жастары» командасы иеленді. «Үздік тіл білгірлері» номинациясымен «Полиглот» командасы марапатталды.
Барлық қатысушыларға естелік сыйлықтар, марапаттау қағаздары және қатысқаны үшін алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар, іс-шара аясында «Тіл – халық қазынасы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге қазақ тіліне, Қазақстан халқының тілдеріне, ұлттық мәдениетке, салт — дәстүрге және рухани мұраға арналған кітаптар мен басылымдар қойылды.
Кітап көрмесі қатысушыларға еліміздің тілдік мәдениетінің байлығы мен сан алуандығымен танысуға мүмкіндік берді.
🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹

04.09.2026
Қаралым саны: 0
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент