«Кітап – алтын қазына» атты кітап дефилесі

18 қыркүйекте Орталық аудандық кітапхананың кітапханашылары оқу мәдениетін насихаттау, әдебиетке назар аударту және мектеп оқушыларының кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында «Кітап – алтын қазына» атты кітап дефилесін өткізді.
Іс-шараға «Ақ жаулық», «Алтын күз» клубтарының мүшелері және мектеп оқушылары қатысты. Кітап дефилесіне Булаев қ. мектептерінің оқушылары қатысып, жарқын тақырыптық костюмдер дайындап, әдеби кейіпкерлердің бейнесін сомдап, өздерінің шығармашылық идеялары мен кітапқа деген сүйіспеншілігін көрсетті.
✨ Іс-шара барысында аудандық Мәдениет үйінің әншісі Беисеева Айгерім музыкалық композициялар орындады. Сонымен қатар «Кітапты тап» атты қызықты ойын өткізіліп, қонақтарға «Кітаптар әлемі» атты кітап көрмесі ұсынылды.
🍰 Қатысушылар мен қонақтарға шағын фуршет ұйымдастырылып, іс-шара соңында кітап дефилесіне қатысушылар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
🌟 Іс-шара мерекелік, шығармашылық және достық атмосферада өтіп, әртүрлі буын өкілдерін біріктірді.
📖 Кітап – жай ғана беттер мен мұқаба емес. Ол – білім, шабыт, тарих және әрбір оқырманға ашылатын шынайы әлем! 

18.09.2026
Қаралым саны: 4
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент