«Мен оқуға кеңес беретін кітап»

📚12 қараша күні оқу мәдениетін насихаттау және «Оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында Орталық кітапхана кітапханашылары қала тұрғындары арасында «Оқуға ұсынатын кітабым» атты қызықты акция өткізді.
📖 Акцияға қатысушылар үшін әдебиеттің қызықты әлемімен таныстыратын кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қонақтар танымдық ойындар мен тапсырмаларға белсене қатысты.
🧩 Атап айтқанда, «Өлеңді тап», «Жазушыны тап» атты ребустарды шешіп, сөзжұмбақтар мен түрлі сөздік жұмбақтарды қызығушылықпен орындады.
🎁 Әрбір қатысушы өз білімін тексеріп қана қоймай, сүйікті авторлары мен әдеби шығармаларын еске түсіріп, жағымды тосынсыйларға да ие болды!
📖 Кітап оқыңыздар, жаңа әлемдерді ашыңыздар және оқуға деген сүйіспеншіліктеріңізбен бөлісіңіздер! 

12.11.2026
Қаралым саны: 0
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ ӘділетКазконтент