2 қазанда қазақ әдебиетінің детективтік жанрының негізін қалаушы Кемел Тоқаевтың туғанына 100 жыл толды.
20 қазан күні орталық кітапхана тыңдаушылардың назарына жазушының өмірі, шығармашылығы туралы бейнеролик пен "Қаламгер қазынасы"атты кітап көрмесін ұсынды.
Кемел Тоқаев көркем сөз шебері, көрнекті жазушы және драматург, қазақ әдебиетіндегі шытырман оқиғалы және детективтік жанрдың негізін қалаушы, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, қоғам қайраткері. Көрмеде жазушының шығармалары, оқырмандарды оның өмірі мен шығармашылық қызметімен таныстыратын мерзімді басылымдардан алынған материалдар ұсынылған.
Бұл әр жылдары жарық көрген «Солдат соғысқа кетті», «Азамат», «Сұңғы соққы», «Түнгі атыс» романдары мен повестерінің бес томдық жинағы,
«Егемен Қазақстан» газетінің мақаласы, «Кітап және кітапхана» журналы, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Әке туралы сөз» кітабы,
Ш. Елеукеновтың «Аты да, таланты да Кемел» эссесі, «Қазақстан әдебиеті» энциклопедиялық анықтамалығы және басқалар.
Қаралым саны: 387