«Абай білім арнасы - ақыл ойдың айнасы»

10 тамыз-Абай күні! Биыл қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, философ, композитор Абай Құнанбаевтың туғанына 180 жыл толады.

6 тамызда ақынның туған күніне орай орталық аудандық кітапхана «Абай білім арнасы - ақыл ойдың айнасы» атты әдеби эскиз өткізді.

Іс-шараға аудандық «Аманат» партиясы филиалының хатшысы Х.Т. Сматов, аудандық мұрағат директоры Т. А. Әбілмәжінов, тарихи-өлкетану мұражайының директоры С. Т. Жұмағұлов, ауданның жастары шақырылды.

Х.Т.Сматов және С.О.Бекішева Абай шығармашылығының еліміздің әдебиетіндегі баға жетпес рөлі туралы айтып, осы тамаша және маңызды мерейтоймен құттықтады.

Орталық аудандық кітапхана ұйымдастырған «Абай сөзі-ғасырларға мұра» мәнерлеп оқу байқауында жүлдері орындарға ие болған жеңімпаздар Нұрланова Зарина, Қарағизов Ілияс, Никитова Лилия Абайдың өлеңдерін оқыды. Әмір Мәулин домбырада "Би"күйін орындады.

Шара соңында кітапханашы А. Раскулова "Әлем таныған ұлы Абай"атты кітап көрмесіне шолу жасады. Көрмеде Абай Құнанбаевтың шығармалары және Абай туралы басқа жазушылардың кітаптары орын алды.

Осы іс-шарада оқылған өлеңдер, домбыраның шырқалуы, Абайдың өмірі мен шығармашылық қызметі туралы шынайы әңгімелер,осы тақырыптағы кітаптардың шолуы көрермендерді бей-жай қалдырмады. Қатысушыларға мерекелік кездесу керемет көңіл-күй сыйлады.

 

06.08.2025
Қаралым саны: 47
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент