Ақпарат сағаты: «Сыбайлас жемқорлық және оның әлеуметтік қауіптілігі»

Бүгін Орталық кітапхананың кітапханашысы Е. Киличбаев Мағжан Жұмабаев ауданының Экономика және қаржы бөлімі қызметкерлеріне «Сыбайлас жемқорлық және оның қоғамдық қауіптілігі» ақпараттық сағат өткізді.
Іс-шара барысында «Адалдық – адамдықтың белгісі» атты тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге адалдық, парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы кітаптар мен ақпараттық материалдар қойылды.
Іс-шараға қатысушыларға сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормаларды сақтау туралы пайдалы ақпарат қамтылған «Сыбайлас жемқорлық» атты ақпараттық брошюралар таратылды.
🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹🔹

26.08.2026
Қаралым саны: 4
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент