«Облыстың құрылу шежіресі»

Солтүстік Қазақстан облысының 90 жылдығына орай Орталық аудандық кітапхана қызметкерлері жасанды интеллект технологияларын пайдалана отырып, «Облыстың құрылу шежіресі» атты ЖИ тарихи-өлкетану саяхатын назарларыңызға ұсынады.
📜 Бұл виртуалды саяхат көрермендерді 1936 жылғы 29 шілдеде ресми түрде құрылған Солтүстік Қазақстан облысының қалыптасу тарихына жетелейді. Тарихтың жаңғырған беттерінде өңірдің даму жолындағы маңызды кезеңдер кеңінен қамтылған.
🌾 Атап айтқанда, облыстың құрылу кезеңі, тұрғындардың ерен еңбек жетістіктері, тың және тыңайған жерлерді игеру, ауыл шаруашылығының, мәдениет пен білім беру салаларының дамуы, сондай-ақ қазіргі заманғы инфрақұрылымның қалыптасуы көрініс табады.
🤖 Жасанды интеллект мүмкіндіктерінің арқасында архивтік фотосуреттер, тарихи құжаттар мен өңірдің көрнекті орындары жаңа мазмұнда жаңғырып, көрерменге уақыт сабақтастығын терең сезінуге әрі туған өлкенің бай тарихи-мәдени мұрасымен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді.
🎬 «Облыстың құрылу шежіресі» – бұл өткен тарихты баяндайтын бейнеролик қана емес, ондаған жылдарды қамтитын тағылымды тарихи саяхат. Тарихтың жаңаша тынысын танытатын бұл туынды жас ұрпақты туған жердің тарихын құрметтеуге, ұлттық мұраны қастерлеуге және болашаққа сеніммен қадам басуға үндейді. 

29.07.2026
Қаралым саны: 0
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент