Домбыра – асыл мұра

цОрталық аудандық кітапхананың кітапханашылары «Aityn urpag» балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы» КММ-мен бірлесіп, «Домбыра – асыл мұра» атты әдеби-сазды іс-шара өткізді.

Іс-шараның мақсаты:балаларды қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабы – домбыраның тарихымен және маңызымен таныстыру, ұлттық мәдени мұраға құрмет сезімін тәрбиелеу, халық күйлері мен дәстүрлеріне қызығушылығын арттыру.

Іс-шара барысында кітапханашы қатысушыларды домбыраның тарихымен таныстырып, оның қазақ халқының өміріндегі маңызы мен қазақтың музыкалық өнерінің байлығы туралы әңгімеледі. Кейін қатысушылар назарына «Домбыра – асыл мұра» атты кітап көрмесі ұсынылды.

Іс-шараның ерекше сәнін домбырада халық күйлерін орындаған балалардың өнер көрсетуі болды. Олар өздерінің шеберліктері мен ұлттық музыкаға деген сүйіспеншіліктерін көрсетті.

Іс-шара жылы әрі шығармашылық атмосферада өтті.

 

01.07.2026
Қаралым саны: 0
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент