Ұлттық кітап күнін мерекелеу құрметіне аудандық орталық кітапханада "Кітаптар әлеміне қош келдіңіздер"атты ашық есік күні өтті. Терең мазмұны мен рухани құндылығы бар танымдық және тәрбиелік іс-шаралар кітаптың адам өміріндегі маңыздылығын түсінуге, оқырмандардың шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған.
Ашық есік күні аясында кітапханаға Мағжан Жұмабаев ауданының пробация қызметі бөлімінің және "М.Жұмабаев ауданының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы"ММ-нің қызметкерлері келді. Кітапханашы А. Е. Расқұлова жаңа кітаптардың түсуімен таныстырды, кітап көрмелерін орталық кітапхананың библиографы М.К. Марий таныстырды. Іс-шара кітаптарды насихаттауға, оның құндылығын ашуға және рухани әлемді байытуға бағытталған.
21.04.2025
Қаралым саны: 98
Қаралым саны: 98