«Оқу – шабыт ағыны»

10 маусым Орталық кітапхананың жазғы оқу залында кітап оқуды насихаттау және кітаптың мәртебесін арттыру мақсатында «Оқу – шабыт ағыны» атты іс-шара өтті.
🌿 Іс-шараға «Золотая осень» клубының мүшелері қатысып, кітаптың адам өміріндегі маңызы туралы әсерлі әңгімеге куә болды. Қатысушылар сүйікті шығармалары туралы естеліктерімен бөлісіп, кітап оқудың өмірдің әр кезеңіндегі рөлін талқылады, сондай-ақ белгілі жазушылардың кітап пен оқу туралы қанатты сөздерімен танысты.
📖 Кітапханашы А. Расқұлова «Менің жастық шағымның кітаптары» атты кітап көрмесін таныстырды. Көрмеге аға буын оқырмандары арасында ерекше сұранысқа ие болған шығармалар қойылды. Қатысушылар кітаптармен қызығушылықпен танысып, сүйікті авторлары мен әдеби кейіпкерлерін еске алып, өз өмірлерінде ерекше із қалдырған туындылар жайлы пікір алмасты.
🎲 Жылы әрі достық атмосферада өткен шара барысында қатысушылар әдеби викторинаға қатысып, сүйікті авторларының шығармаларын еске түсіріп, өздеріне шабыт сыйлаған кітаптар туралы әңгімеледі.
✨ Іс-шара мазмұнды әрі қызықты өтіп, қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй мен жағымды әсер сыйлады. Сонымен қатар оқу – шабыттың, даналықтың және рухани байлықтың сарқылмас қайнар көзі екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

10.06.2026
Қаралым саны: 0
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент