«Чернобыль: жадымызда және кітаптарда»

Орталық аудандық кітапхананың кітапханашылары Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен бірлесіп, Мәдениет үйінің IT-орталығында Чернобыль атом электр станциясындағы апатқа арналған «Чернобыль: жадымызда және кітаптарда» атты іс-шара өткізді. Оның мақсаты — апатты жоюға қатысқан азаматтардың ерлігін ұмытпай, жас ұрпаққа оның зардаптарын түсіндіру.
Құрметті қонақтар — апатты жоюға қатысушылар — сол бір оқиғалар туралы естеліктерімен бөлісіп, оқушылардың сұрақтарына жауап берді. Іс-шараға сондай-ақ Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдері қатысты.
Чернобыль тақырыбына арналған кітап көрмесі көпшіліктің қызығушылығын тудырды.
Іс-шара соңында Сматов Х. Т. сөз сөйлеп, тарихи жадты сақтаудың маңыздылығын атап өтіп, апат салдарын жоюға қатысушыларға алғысын білдірді. Кездесу жылы атмосферада өтіп, алғыс сөздермен және естелік суретке түсумен аяқталды.

26.04.2026
Қаралым саны: 5
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент