105 жылдығына арналған «Ян Френкель — өмірдің әнді әуендері»

21 қараша күні кітапханада жылы әрі жайлы атмосферада композитордың 105 жылдығына арналған «Ян Френкель — өмірдің әнді әуендері» атты таныстыру сағаты өтті. Іс-шараға қалалық ардагерлер кеңесінің төрайымы Л.М. Егорычева және «Алтын күз» клубының мүшелері қатысты.

Орталық аудандық кітапхананың кітапханашысы А. Расқұлова композитордың өмір жолы, оның кино, театр және эстрада саласындағы еңбектері, сондай-ақ ұлттық музыка қорына енген әйгілі әндері туралы мазмұнды әңгіме ұсынды
Шынайылық пен лиризмге толы сүйікті шығармалардан үзінділер де тыңдалды.

Клуб мүшелері Френкель музыкасына қатысты өз естеліктерімен, әсерлерімен бөлісті. Композитор шығармашылығына қатысты ақындардың өлеңдері, биографиялық деректер мен сирек мәліметтер оқылды. Сонымен қатар «Бұл әлемде менің де ізім бар…» атты кітап көрмесі ұсынылды.

Іс-шара жүрекке жылы музыкалық сағатпен аяқталды: қатысушылар уақыт сынынан өткен танымал әндерді бірге орындады
Кездесу қонақтарға көтеріңкі көңіл — күй сыйлап, шынайы музыка әр адамның жүрегінде өмір сүретінін тағы бір мәрте дәлелдеді. 

21.11.2025
Қаралым саны: 30
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент