15 қарашада Орталық кітапхана қызметкерлері тарихи-өлкетану мұражайымен бірлесе отырып, «Кәсіптік даярлау және сервис колледж» КММ-нің студенттеріне «Алтын теңге» атты тарих сағатын өткізді.
Бұл шараның мақсаты студенттердің Қазақстанның ұлттық валютасы туралы білімдерін кеңейту. Іс-шара барысында қызмет көрсету бөлімінің басшысы Т.Е.Кинчинбаев студенттерге ұлттық валюта егеменді елдің атрибуттарының бірі екенін айтты. Тарихи-өлкетану музейінің директоры С.Т. Жұмағұлов студенттерді теңгенің пайда болу тарихымен және оның дизайны 31 жыл ішінде қалай өзгергенімен таныстырды. Қатысушыларға кітапханашы Е.Я.Киличбаев «ҚР Ұлттық валюта күні» атты кітап көрмесіне шолу жасады. Іс-шара соңында «Блиц-сауалнама» өткізілді.
15.11.2024
Қаралым саны: 238
Қаралым саны: 238