28 тамызда Орталық аудандық кітапхананың оқу залында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына арналған «Конституция — бостандықтың негізі» атты ақпараттық диалог өткізілді

Іс-шараның мақсаты — жасөспірімдерге білім беру, заңдар мен мемлекетке құрмет қалыптастыру, сондай-ақ патриотизм мен құқықтық мәдениетке тәрбиелеу.
 
Қазақстан Республикасының Конституция күні — Қазақстанда жыл сайын 30 тамызда атап өтілетін ресми мемлекеттік мерекелердің бірі. Кездесуге «Аманат» партиясы аудандық филиалының басшысы Х. Т. Сматов, аудандық мұрағат филиалының директоры Т. А. Әбілмәжінов, тарихи — өлкетану мұражайының директоры С. Т. Смағұлов, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Г. Р. Ысқақова, М. Жұмабаев ауданының орталықтандырылған кітапханалық жүйесінің директоры С. О. Бекішева, қалалаық ардагерлер кеңесінің төрағасы Л.М. Егорычева және «Жасыл ел» жасағының балалары шақырылды.
 
Кітапханашылар М. Тұяқова мен А. Расқұлова өз сөздерін құттықтау сөздерімен бастады, Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды, бұдан әрі олар негізгі құжаттың жасалу тарихы және оның әрбір Қазақстан халқының өміріндегі маңыздылығы туралы айтып берді, «Қазақстан Республикасының Конституциясы» атты тарихи экскурс көрсетілді. Іс-шара барысында қонақтар жас ұрпаққа құттықтау және тілектер сөздерімен сөз сөйледі. Қатысқан балалармен «ҚР Мемлекеттік рәміздері» викторинасы өткізілді. Шара соңында кітапханашы Е. Киличбаев «Конституция – Мәңгілік елдің негізі» атты кітап көрмесіне тақырыптық шолу жасады.
 
29.08.2025
Қаралым саны: 11
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент