Қазақстан Республикасының Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара

2026 жылғы 20 мамыр күні аудандық Мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.

М. Жұмабаев ауданының әкімі Р. Смағұловтың атынан қатысушыларды М. Жұмабаев ауданы әкімі аппаратының жетекшісі Ж.А. Қожахметов құттықтады. Өз сөзінде ол кітапхана жүйесінің қызметкерлеріне референдум өткізу кезеңіндегі ауқымды түсіндіру жұмыстары үшін алғысын білдіріп, алдағы уақытта да жемісті еңбек, шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тіледі.

Қ ұттықтау сөздерімен «Аmanat» партиясы аудандық филиалының хатшысы К.Т. Сматов және М. Жұмабаев ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Д.Ж. Сурағанова сөз сөйледі.

Іс-шара барысында кітапхана жүйесінің қызметкерлері М. Жұмабаев ауданы әкімінің Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен, «Аmanat» партиясының және М. Жұмабаев ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Алғыс хаттарымен марапатталды.

Референдум өткізу кезеңіндегі белсенді жұмыстары үшін ақшалай сертификаттармен Байтерек ауылдық кітапханасы, Надеждин ауылдық кітапханасы, Қарақоға ауылдық кітапханасы, Құралай ауылдық кітапханасы, Возвышенка ауылдық кітапханасы, Аудандық балалар кітапханасы, Лебяжье ауылдық кітапханасы, Пролетар ауылдық кітапханасы және Полтав ауылдық кітапханасы марапатталды.

Барлық мәдениет және өнер қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Шығармашылық шабыт, жаңа идеялар, ризашылығы мол оқырмандар және аудан мәдениетін дамыту жолында толағай табыстар тілейміз!

 

21.05.2026
Қаралым саны: 9
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент