8 сәуірде Орталық аудандық кітапхананың кітапханашылары Отбасын қолдау орталығының қызметкерлерімен бірлесіп «Отбасылық жанжалдар: қарым — қатынас құруды үйренеміз» атты іс-шара өткізді.
Кездесудің мақсаты – отбасылық құндылықтарды нығайту, конструктивті қарым-қатынас дағдыларын дамыту және отбасылар арасындағы жанжалдардың алдын алу болды.
Іс-шараға шақырылған отбасылармен қатар мамандар да қатысты: Отбасын қолдау орталығының психологы Л.П. Ессе, осы орталықтың заңгері Ж.А. Смағұлова, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы Полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға инспекторы Н.С.Байманов, сондай-ақ «Аманат» партиясы аудандық филиалының хатшысы Сматов Х.Т. Кездесу барысында психолог Ессе Л.П. қатысушылармен тренинг өткізіп, қарым — қатынас дағдыларын дамытуға, бір — бірін тыңдау және түсіну, сондай-ақ отбасылық жанжалдарды шешу жолдарын табуға бағытталған жұмыстар жүргізді.
Орталық кітапхананың кітапханашысы А.Расқұлова Құқықтық ақпарат орталығының «Құқықтық навигатор» журналдарына шолу жасап, қатысушыларды отбасы және құқық мәселелері бойынша пайдалы материалдармен таныстырды.
Іс-шара соңында қатысушыларға ақпараттық буклеттер таратылды. Іс-шара жылы, сенімді атмосферада өтіп, отбасылардағы өзара түсіністік пен құрметті нығайтуға ықпал етті.
Қаралым саны: 8











