Кітапханашылар А.Расқұлова мен М. Туякова «СПИД: мифтер мен иллюзияларсыз» атты ақпараттық сағатты «Булаев мектеп бөбекжай — бақша-кешені» КММ-нің 8-сынып оқушылары арасында өткізді.
Іс-шара жасөспірімдердің АИВ/ЖИТС мәселесі туралы ақпараттылығын арттыруға, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және кең таралған мифтерді жоққа шығаруға бағытталды. Кездесу барысында қатысушылар инфекцияның берілу жолдары мен оның алдын алу шаралары туралы маңызды әрі сенімді мәліметтер алды.
Алған білімдерін бекіту мақсатында «Ақиқат/жалған» атты викторина ұйымдастырылды. Оқушылар сұрақтарға белсенді жауап беріп, тақырыпқа қызығушылық танытып, жақсы білім деңгейін көрсетті. Іс-шара танымдық деңгейде өтіп, оқушыларға жағымды әсер қалдырды.
15.04.2026
Қаралым саны: 8
Қаралым саны: 8











