«Кітаптан – киноға»

17 шілде күні Орталық аудандық кітапхананың жазғы оқу залында «Ақжаулық» және «Алтын күз» клубтарының мүшелерімен «Кітаптан – киноға» атты әдеби калейдоскоп өткізілді.
🎯 Іс-шараның мақсаты – көркем әдебиетті оқуды насихаттау, әдеби шығармалардың үздік экрандалған нұсқаларымен таныстыру, отандық және әлемдік классикаға деген қызығушылықты арттыру.
📚 Шара барысында қонақтардың назарына экранға сәтті бейімделген отандық және шетелдік танымал авторлардың шығармалары ұсынылған «Кітаптан фильмге» атты кітап көрмесі таныстырылды.
🎬 Әдеби калейдоскоп барысында қатысушылар әдебиет пен кинематография әлеміне қызықты саяхат жасап, әдеби шығармалардың желісі бойынша түсірілген танымал көркем фильмдерден үзінділер тамашалады. Сонымен қатар режиссерлердің авторлық идеяны, кейіпкерлердің мінез-құлқын және шығарманың көркемдік атмосферасын қаншалықты шебер жеткізе алғаны туралы өзара пікір алмасты.
✨ Іс-шара жылы әрі достық көңіл күйде өтіп, қатысушыларға жағымды әсер мен ұмытылмас естеліктер сыйлады. Кездесу барысында жақсы кітаптың қай уақытта да өз құндылығын жоғалтпайтыны, ал оның экрандық нұсқасы сүйікті шығарманы жаңаша қырынан танып-білуге мүмкіндік беретіні тағы бір мәрте дәлелденді. 

14.07.2026
Қаралым саны: 54
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент