«Кітап. Тарих. Шежіре»

Ұлттық кітап күні аясында 21 сәуір күні «Кітап. Тарих. Шежіре» атты апталық шеңберінде тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Аталған шара барысында Орталық аудандық кітапхананың қызметкерлері аудандық мұражайға арнайы барып, тарихи-танымдық бағыттағы кітаптармен және құнды жәдігерлермен танысты.
Кітапханашылар мұражай қорындағы сирек басылымдар мен тарихи деректерге назар аударып, ұлттық мұраның маңыздылығы туралы пікір алмасты. Бұл кездесу кітап пен тарихтың өзара тығыз байланысын көрсетіп, өткенді тануға деген қызығушылықты арттырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқырмандарға рухани құндылықтарды насихаттау, тарихи сананы қалыптастыру және кітапқа деген құрметті күшейту болып табылады.

21.04.2026
Қаралым саны: 4
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент