«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ»

Орталық аудандық кітапхананың кітапханашылары «Зорлық — зомбылықсыз балалық шақ» атты сурет байқауын «Булаев мектеп бөбекжай-бақша-кешені» КММ-нің 6 «А» сынып оқушылары арасында ұйымдастырды.

Іс-шара балалардың бойында мейірімділік, сыйластық және әрбір бала үшін қауіпсіз ортаның маңыздылығын түсіндіруге бағытталды.

Байқау қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:

1 орын – Абилова Анель

2 орын – Хасенов Данил

3 орын – Маутова Малика

Барлық қатысушылар шығармашылық белсенділік танытып, грамоталармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Байқау жылы әрі достық атмосферада өтіп, оқушыларға жағымды әсер қалдырды.

15.04.2026
Қаралым саны: 9
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент