Орталық аудандық кітапхананың кітапханашылары республикалық фестивалі аясында «Kitap Time — 2025» қызықты қарым-қатынас уақыты "Оқу — қуаныш алаңы" іс-шарасын өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты жастар арасында оқуды насихаттау, қоғамның мәдени құндылықтары мен оқуға деген қызығушылығын ояту, көркем әдебиетке деген құштарлығын, өскелең ұрпақтың рухани — адамгершілік білімін арттыру болып табылады. Іс – шара барысында «Шығармашылық шеберхана», «Кітап және спорт-алға қозғалыс», «Ғажайып елі», «Әдеби алаң», «Сиқырлы сандық», «Ұлы даланың жеті қыры» алаңдарында қызықты ойындар ұйымдастырылды. Әр алаңда қонақтарды әртүрлі тапсырмалар мен танымдық ойындар күтті. Кіру кезінде оқушыларға лотерея билеттері таратылды, олар іс-шараның соңында ойнатылды. М.Жұмабаев, А. Құнанбаев, Ж. Нәжімиденов және Т. Әлімқұловтың кітаптары қойылған «Бір ел — бір кітап», «Әлем таныған ұлы Абай», «Ұлттық поэзия падишасы» атты кітап көрмелері ұйымдастырылды. Балалар сонымен қатар «Библиокафеге» барып, тәтті тағамдардан дәм татты. Іс-шараның атмосферасы жарқын, көңілді және қызықты болды.
23.09.2025
Қаралым саны: 82
Қаралым саны: 82