7 қараша күні Орталық аудандық кітапхана кітапханашылары Булаево қаласының мектеп оқушылары мен студенттері арасында «Сен өмір сүретін заң» атты интерактивті ойын өткізді.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың құқықтық мәдениетінің деңгейі мен маңыздылығын арттыру, оларды заңнамалық нормаларды зерделеуге бағытталған практикалық қызметке тарту болды.
Ойын 7 турдан тұрды. Әр турда Қазақстан Республикасының заңдары, құқықбұзушылықтар, анаграммалар және басқа да тақырыптар бойынша сұрақтар қойылды. Қатысушылар белсенді түрде жауап беріп, өз білімдерін көрсетті.
Ойын қорытындысы бойынша:
1-орынды – Кәсіби даярлық және сервис колледжінің «Құқықтанушылар» командасы,
2-орынды – М.Жұмабаев атындағы жалпы білім беретін мектептің «Мағжан жастары» командасы,
3-орынды – Булаев көпсалалы мектеп — балабақшасының «Абсолют» командасы иеленді.
Қатысқаны үшін Булаев №2 жалпы білім беретін мектебінің «Жұлдыздар» командасы марапатталды.
Барлық қатысушылар алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтарын алды.
Іс-шараның соңында қатысушылар «Пікірлер ағашы» атты тапсырманы орындап, құқықтық тәрбиеге деген өз көзқарастарын білдірді.
Қаралым саны: 22











