«ҚР дін және экстремизм»

6 қараша күні М. Жұмабаев ауданының Орталық аудандық кітапханасының кітапханашылары архив қызметкерлерімен бірлесіп «ҚР дін және экстремизм» тақырыбында ақпараттық-профилактикалық әңгіме өткізді.

Іс-шараның мақсаты – халық арасында толеранттылықты, түрлі діни көзқарастарға құрметпен қарауды және зорлық-зомбылық пен фанатизмнің кез келген түрін қабылдамауды қалыптастыру болды.

Әңгіме барысында «дін», «экстремизм» ұғымдарына түсініктеме беріліп, діни экстремизмнің қоғамға тигізетін әсері туралы айтылды.

Кітапханашы А.Е. Расқұлова өз сөзінде барлық әлемдік діндердің адамзатты ізгілікке, бейбіт өмір мен мейірімге шақыратынын, ал дін атын жамылған экстремизмнің қоғамның рухани және адамгершілік негіздерін бұзатынын атап өтті.

Іс-шара соңында қатысушылар назарына «Діни экстремизм» атты кітап көрмесі ұсынылды , онда кітапхана қорының әдебиеттері қойылды.

Сонымен қатар, жасанды интеллект көмегімен дайындалған «Стоп экстремизм» атты бейнебаян көрсетілді.

 

06.11.2025
Қаралым саны: 18
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент