📅 2025 жылдың 30 қазанында «СҚО М. Жұмабаев ауданының Орталықтандырылған кітапханалық жүйесі» КММ-де кітапханашы күніне арналған «Білім нұры — Сіздің қолыңызда» атты семинар-құттықтау өтті.
Іс-шараға М. Жұмабаев аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары А. С. Шәріпов, «Аманат» партиясы аудандық филиалының хатшысы К. Т. Сматов, ауданның ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының м.а. Б. Р. Қасымов, сондай-ақ аудан кітапханашылары қатысты.
Ресми бөлімді аудан әкімінің орынбасары А. С. Шәріпов ашты. Өз сөзінде ол кітапханашылардың білім берушілер, ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтардың сақтаушылары екенін атап өтті.
Азамат Сайранұлы кітапхана қызметкерлеріне күнделікті еңбегі, шыдамдылығы, бастамашылдығы және ағарту ісіне берілгендігі үшін алғысын білдірді.
Іс-шара аясында ауданның үздік кітапханашыларын марапаттау рәсімі өтті.
Жоғары марапаттарға ие болғандар:
«Қазақстанның Құрмет кітапханашысы» төсбелгісі —
-
Шершнева И.А., Қарақоға ауылдық кітапханасының кітапханашысы
-
Чикунова Н.А., Гаврино ауылдық кітапханасының кітапханашысы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет грамотасы —
-
О.Д. Жигаева, ОКЖ әдіскері
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Құрмет грамотасы (Алматы қ.) —
-
А.М. Жұматаева, Возвышенка ауылдық кітапханасының кітапханашысы
Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Алғыс хаты (Алматы қ.) —
-
Т.М. Ивочкина, Советское ауылдық кітапханасының кітапханашысы
М. Жұмабаев аудан әкімі Құрмет грамотасы —
-
Г.С. Илюбаева, Надежка ауылдық кітапханасының кітапханашысы
-
О.М. Гуляева, Пулеметовка ауылдық кітапханасының кітапханашысы
М. Жұмабаев аудан әкімі Алғыс хаты —
-
И.В. Глейзнис, аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі
-
О.В. Черных, Полтавка ауылдық кітапханасының кітапханашысы
-
А.С. Орынбасарова, Возвышенка балалар кітапханасының кітапханашысы
Республикалық мәдениет қызметкерлері кәсіподағының Алғыс хаты —
-
С.Т. Жақсимбетова, Чистовское ауылдық кітапханасының кітапханашысы
Әр марапат — үлкен үлестің, күнделікті еңбектің, кәсібиліктің және кітапхана ісіне деген шынайы сүйіспеншіліктің дәлелі.
Бұл — кітапхана еңбегінің және кітап пен оқырманға адал қызмет ететін жандардың маңыздылығын мойындау.
Қаралым саны: 23











