Салауатты өмір салтының білгірлері

9 қазанда ОК-ның кітапханашылары «Алтын күз» клубының мүшелерімен «Салауатты өмір салтының білгірлері» викторинасын дайындап өткізді. Викторинаның мақсаты – біздің денсаулығымыз салауатты өмір салтына байланысты екенін еске салу. Ал бұл: дұрыс тамақтану, күнделікті тәртіп пен жеке бас гигиенасын сақтау, спортпен айналысу және таза ауада серуендеу. Викторина салауатты өмір салтының барлық ережелерін орындауға бағытталды. Қатысушылар «Зожники» және «Витаминки» деген екі командаға бөлінді. Викторина 4 тапсырмадан тұрды және әр тапсырмада 5 сұрақтан болды, онда ребустарды, анаграммаларды шешу, жұмбақтарды табу қажет болды. Шара қызығушылықпен және жақсы көңіл-күймен өтті. Қатысқандары үшін грамоталармен марапатталды. Викторина денсаулық – баға жетпес байлық екенін және әрбір адам оны күтіп ұстауға міндетті екенін тағы бір дәлелдеді.

09.10.2024
Қаралым саны: 278
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент