1950 жылдардың ортасындағы тың және тыңайған жерлерді игеру жалпыхалықтық қана емес, бүкіл ел өмірінде көрініс тапқан маңызды саяси оқиға болды.
Бұл ауқымды іс-шараның тарихи маңыздылығы оның астық өндірісінің кең жолға қойылуына, ауыл-аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлесін қосуында. Тарихи қысқа мерзім ішінде Қазақстанның көптеген өңірлерінде экономика, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет салаларында өзгерістер болды. Қуатты адами және ғылыми әлеует құрылды. Қазақстан ірі астық өндіруші елге айналды.
Биыл Қазақстанда тың жерлерді игеруге 70 жыл толып отыр. Осы оқиғаға байланысты мерейтойға орай орталық кітапханада «Сіздердің еңбектеріңізге – мың тағзым» тақырыбында аға буын өкілдерімен кездесу өтті. Кездесуге қатысушылар осы кезең туралы естеліктерімен бөлісіп, «Тың жерлер» бейнеролигін тамашалады. Кітапханашылар А.Е.Расқұлова, М.Н. Тұяқова «Тың жер – ұрпақтар ерлігі» атты тақырыптық кітап көрмесі ұсынылды. Іс-шара достық және жайлы атмосферада өтті.
Қаралым саны: 304