«Ерекше талант» мерейтолық сағат

14 ақпанда ОК кітапханашылары Т.Е. Кинчинбаев және А.Е. Раскулова кинорежиссер және актер Шәкен Аймановтың 110 жыл толуына орай кәсіптік-техникалық колледж студенттерімен «Ерекше талант» іс-шарасын өткізді. Бұл шараның мақсаты актердің өмірі мен шығармашылығымен таныстыру.

Шәкен Айманов 1953-1970 жылдар арасында мезгілсіз қайтыс болғанға дейін,ұлттық киностудияда тұрақты көркемдік жетекші болды, сценарист, актер және режиссер болып үздіксіз жұмыс істеді, өзі құрған Қазақстан кинематографистер Одағын басқарды.

Кітапханашылар студенттерге бейнефильм тамашалауға ұсынып, Қ.Бегалиннің «Шәкен Айманов» және Т.Смайылова «Топжарған» кітаптарына шолу жасалды. Ш.Аймановтың жүз жылдық мерейтойына орай шығарылған кітаптар бүгінгі және келешек ұрпаққа қалдырған лайықты мұра деп сенеміз.

 

14.02.2024
Қаралым саны: 128
Официальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиАкимат города ПетропавловскПремьер Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor ӘділетКазконтент