24 мамырда Орталық кітапхана учаскелік инспектор полиция майоры А.Қ. Тамашовпен нашақорлықтың алдын алу тақырыбына «Кіру бар, бірақ шығу қайда?» кездесуін өткізді.
Бұл әңгімелесудың мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, есірткіні қолданудың салдарымен танысу, есірткіні қолданып көруге теріс көзқарасты қалыптастыру және есірткіні қолданатын және басқаларды есірткіге тартуға тырысатын адамдармен қауіпсіз мінез-құлықты үйрену.
Азамат Қоныспекұлы бір қатар сұрақтарға жауап берді: біздің ауданымызда білім беру ұйымдарында полиция қызметкерлері қандай профилактикалық жұмыстар жүргізеді? Ата — аналар баласының есірткіні қолданып көруіне қалай жол бермеу керек? Ауданның нашақор тұрғындары наркологтың есебінде тұр ма, оларға қандай көмек көрсетіледі?
Әңгімелесу тілекпен аяқталды: «Әр адам өз тағдырының иесі. Спорт, табиғатпен қарым — қатынас, жақсы және адал достар, салауатты өмір салты сіздің арманыңызға жету жолында жақсы көмекші болсын. Ал осы бақытты салауатты өмірде есірткіге орын қалмасын.
Қаралым саны: 337