5 тамызда Орталық кітапханада «100-ге дейін өмір сүрейік» жобасы аясында «Жасыл ел» студенттік жасағымен «Вейп қауіпті» ақпараттық әңгімесі өтті. Жоғары сынып оқушылары мен студенттерге вейпингтің зияны туралы кітапханашы М.Тұяқова айтып өттті. Бүгінгі таңда қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі балалар мен жасөспірімдер арасында түрлі деструктивті мінез-құлық түрлерінің тез таралуы болып табылады.
Күн сайын көшелерде біз арнайы құрылғыларды пайдаланып, көп мөлшерде бу шығаратын адамдарды көреміз. Бүгінгі таңда ата-аналар мен тәрбиешілерді ерекше алаңдатып отырған жасөспірімдердің темекі шегуі. Вейп мектептердегі оқушылар арасында жиі кездесетін болды. Әңгімелесудің мақсаты - темекі шегудің алдын алу және электронды темекіні пайдалануды азайту. «Вейп – қауіпті» ақпараттық әңгімесі барысында біз вейпингтің зияны туралы әңгімелестік және нақты мысалдар арқылы электронды темекінің жасөспірім ағзасына тигізетін салдары туралы білдік. Шара соңында жоғары сынып оқушылары вейпинг өмір мен денсаулыққа қауіпті, ал жасөспірімдер үшін екі есе қауіпті екендігі туралы қорытындыларымен бөлісті. Кітапханашы жоғары сынып оқушыларына жаман әдеттерден абай болып, нағыз жетістікке жетулеріне тілектестік білдірді
Қаралым саны: 320